«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет — Мемлекет басшысы

АСТАНА.KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістанда өтіп жатқан бейресми саммитінде мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынды.

Технолгиялық даму және гуманитарлық ықпалдастық дәуірінде түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет. Жақында Түркі академиясы ағылшын, орыс және түркі тілдерінде сегіз томдық терминологиялық сөздікті жарыққа шығарды. Бұл жұмыс терминдерді бір ізге келтіруге және ортақ ғылым кеңістігін нығайтуға ықпал етпек. Осы орайда, кеңеске мүше елдердің тиісті мекемелерінің өкілдері, ғылыми сарапшылары кіретін мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынамын, — деді Президент.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРДЫҢ ҮЗДІК МАТЕМАТИКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

САҒАШИЛІКТЕР ДЕ ТАҢДАУ ЖАСАУҒА БАРДЫ

admin_mugalzhar

Чемпион атанған «Қайрат» футболшылары қанша сыйақы алатыны белгілі болды

admin_mugalzhar