«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Чемпион атанған «Қайрат» футболшылары қанша сыйақы алатыны белгілі болды

ҚПЛ-ның 24-турында «Атырауды» жеңген «Қайрат» чемпионаттың алтынын иеленді. Қазақстанның су жаңа чемпионы «Қайрат» Премьер-лиганың үздігі атағы үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, — деп жазды turkistan.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

1bol.kz мәліметінше, жыл басында Алматы клубының басшылығы ҚПЛ-дағы чемпиондық атақ үшін бір миллионнан астам доллар беретінін уәде еткен. Енді Қайрат Боранбаев сол сөзінде тұруы тиіс.

Айта кетейік, ҚПЛ-ның 24-турында «Атырауды» жеңген «Қайрат» чемпионаттың алтынын иеленді. «Астана» екінші орын алса, «Ақтөбе» үздік үштікті қорытындылады. Осылайша, алматылық ұжым төртінші рет Қазақстан чемпионы атанып отыр.

 

Ұқсас ақпараттар

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде өтеді

admin_mugalzhar

Қайырымдылық – қайырлы іс

admin_mugalzhar

ОҚЫРМАН ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН ГАЗЕТ

admin_mugalzhar