«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жем өзені арқылы өтетін көпір жаңартылуда

Ембі қаласына барар жолда облыс әкімі Асхат Шахаров республикалық маңызы бар «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автомобиль жолындағы Жем өзені арқылы өтетін көпірге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Бұл нысан өңірдің көлік байланысы үшін аса маңызды, өйткені ол облыс елді мекендері арасындағы қозғалысты қамтамасыз ететін А-26 магистралінің құрамына енеді.

Қазіргі уақытта ұзындығы 132,4 метрді құрайтын көпірде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Күрделі жөндеу жалпы ұзындығы 947 метр автожол учаскесін, соның ішінде көпір мен оған кіреберіс жолдарды қамтиды. Жоба «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы мен «СЕРВИС НС» ЖШС арасындағы келісімшарт аясында жүзеге асырылып жатыр.

Мердігер ұйымның мәліметінше, бүгінгі күні нысанның дайындығы шамамен 30%. Қазірге дейін бұрғылап-құйылатын 84 қада толық орнатылды. Жекелеген тіректерде статикалық сынақтар жүргізіліп, конструкцияларды арматуралау және бетондау жұмыстары жалғасуда.

Құрылыс алаңында 31 жұмысшы мен 14 техника жұмылдырылған. Учаскеге арматура мен арқалықтар жеткізіліп, цемент пен қиыршық тас тасымалы жалғасып жатыр.

Көпірді күрделі жөндеу жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін жол қозғалысының қауіпсіздігі артып, өңірдегі елді мекендер арасындағы көлік қатынасы жақсарады.

«Жем өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу – бүкіл өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық жоба. Оның сапалы әрі уақытылы аяқталуы жол қозғалысының қауіпсіздігі мен елді мекендердің көлік қолжетімділігіне тікелей әсер етеді. Жұмыстар белгіленген кестеге сай және барлық техникалық талаптарды сақтай отырып орындалуы тиіс»,– деді Асхат Шахаров.

Ұқсас ақпараттар

Әлемде осымен екінші күн COVID-19 жұқтырғандар саны рекорд орнатты

admin_mugalzhar

АУДАНДА ВОЛЕЙБОЛДАН «МҰҒАЛЖАР ЛИГАСЫ» ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» жаңа цифрлық сервисті іске қосты

admin_mugalzhar