«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан мен Кипр қандай келісімдерге қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Кипр Президенті Никос Христодулидистің Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің білім, ғылым, цифрландыру, мәдениет, спорт және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кипр Президенті Никос Христодулидистің кеңейтілген келіссөздерінен кейін екіжақты құжаттармен алмасу рәсімі өтті.

Атап айтқанда, ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев және Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбос Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым салаларындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандум алмасты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Кипрдің Зерттеулер, инновациялар және цифрлық саясат жөніндегі министрінің орынбасары Никодемос Дамиану Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электронды үкімет қызметтері, ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандум алмасты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбос Мәдени ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандуммен алмасты.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбос Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандум алмасты.

Қазақстанның Халықаралық сауда палатасы басқармасының төрағасы Мұрат Қарымсақов және Кипр Сауда және өнеркәсіп палатасының президенті Ставрос Ставру Инвестициялық және іскерлік байланыстарды нығайту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім алмасты.

Айта кетейік, 2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидистің Қазақстанға ресми сапары өтеді. Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін салтанатпен қарсы алды.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа өзгерістердің бастамасы

admin_mugalzhar

«АҢСАҒАН СӘБИ»: АУДАНДА ТӨРТ ЖЫЛДА 32 БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

admin_mugalzhar

ҰРПАҒЫ ҰЛЫҚТАҒАН АРДАҚТЫ ЖАН

admin_mugalzhar