«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОЛДЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қандыағаш қаласын дағы Е. Баймұханбетов көшесінің автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биыл жалғасын табуда. Бұл туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары айтты.

Қазіргі таңда бұрын атқарылған жұмыстарды қалыпқа келтіру және құрылыс алаңын ретке келтіру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Аталған жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауды «СтройСервисПлюс» ЖШС-і өз жауапкершілігіне алған. Еске сала кетсек, бұл көшенің жолын жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Мердігер «СтройСервисПлюс» ЖШС-і қыс түскенге дейін жолдың бірінші асфальт қабатын төсеп шыққан еді. Ал қазіргі таңда құрылысшылар нысан басында жұмысты қайта жандандырып, суағар жүйелерін салуда. Жауапты мекеме өкілдерінің мәліметінше, нысан бойынша барлық жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстары осы жылы толық аяқталады деп күтілуде.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ, жас келін: ЕНЕМНІҢ БАУЫРСАҒЫ – ДӘМДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

admin_mugalzhar

ЕСЕПШІНІҢ ЕҢБЕГІ ӘР САЛАДА МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar