№13 Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат МАДИЯРҚЫЗЫ САЛТАНАТ
«Әділет» партиясынан
ӨМІРБАЯН
Мен, Мадиярқызы Салтанат, 1998 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Мұғалжар ауданы Ембі қаласында тұрамын.
2018 жылы Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжін «Бастауыш білім берудің шет тілін оқыту мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2022 жылы Алматы қаласындағы «Қайнар» академиясын «Екі шет тілі» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2018 жылы Қандыағаш қаласындағы №1 жалпы білім беретін орта мектепте бастауыш сыныптарға шет тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім болып бастадым. Қазіргі уақытта Ембі қаласындағы №2 жалпы білім беретін орта мектепте әлеуметтік педагог қызметін атқарып келемін.
Еңбек жолымда өзімді жауапкершілігі жоғары, еңбекқор, бастамашыл әрі ұқыпты маман ретінде қалыптастырдым. Қызметтік міндеттерімді сапалы орындап, қоғамдық және кәсіби жұмыстарға белсенді араласып келемін. Еңбегім үшін Мұғалжар аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы мен аудандық білім бөлімінің басшылығы тарапынан Алғыс хаттармен марапатталдым.
Кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында түрлі семинарларға қатысып, іс-шараларда спикер ретінде тәжірибеммен бөлісіп келемін. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған бірқатар байқауларда жеңімпаз атандым. Сонымен қатар 2026 жылы облыстық «Үздік аға тәлімгер – 2026» байқауының жеңімпазы болдым.
Алдағы уақытта да кәсіби білімім мен біліктілігімді жетілдіріп, ел игілігі жолында еңбек етуді мақсат етемін.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Әрбір ауданның дамуы – оның ауылдарының өркендеуімен, тұрғындарының әл-ауқатымен өлшенеді. Бүгінде қоғамда шешімін күткен мәселелер аз емес. Әсіресе ауылдардың инфрақұрылымы, жастарды жұмыспен қамту, спортты дамыту, әлеуметтік қолдау және кәсіпкерлікке мүмкіндік жасау – назардан тыс қалмауы тиіс бағыттар. Сондықтан мен өз бағдарламамда тұрғындарды толғандырған мәселелерге басымдық бердім. Атап айтқанда, ауылдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, спорттық инфрақұрылымды дамыту, жастарды қолдау, кәсіпкерлікті өркендету және халықпен тұрақты байланыс орнату бағыттарын қамтыдым.
Мен үшін ең маңыздысы – тұрғындардың ұсынысын тыңдау, өзекті мәселелерді бірге талқылау және олардың шешілуіне ықпал ету.
АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ
Ауылдық округтердегі жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру мәселелерін жүйелі түрде көтеруге;
Сапалы ауызсу мен тұрақты электр энергиясына қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды бақылауға;
Ауылдардағы интернет байланысының сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Балалар ойын алаңдарын, саябақтар мен демалыс орындарын көбейтуге;
Ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханалардың жағдайын жақсартуға ықпал етуге;
Шалғай елді мекендердің әлеуметтік мәселелерін жеке зерделеуге;
Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға ниетті тұрғындарға мемлекеттік қолдау тетіктері туралы ақпарат беруді күшейтуге;
Ауыл кәсіпкерлеріне арналған жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларының қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеруге;
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА ДӘУІР МҮМКІНДІГІ
Оқушылар мен жастарға жасанды интеллект негіздерін үйрететін тегін оқыту курстарын ұйымдастыруға бастамашылық етуге;
Ауыл жастарының заманауи технологияларды меңгеруіне жағдай жасауға;
Мұғалімдер мен педагогтерге арналған ЖИ құралдарын пайдалану бойынша тәжірибелік семинарлар өткізуге;
Кәсіпкерлерге жасанды интеллект арқылы жарнама жасау, бизнес жүргізу және қызмет сапасын арттыру жолдарын үйретуге;
ЖИ технологияларын жауапкершілікпен, қауіпсіз әрі сауатты пайдалануды насихаттауға;
Жастар арасында IT және робототехника бағытындағы жобаларды қолдауға;
Аудан жастарының цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған арнайы жобаларды дамытуға;
БІЛІМ БЕРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесін көтеруге;
Мектептерді заманауи компьютерлермен, интерактивті тақталармен және қажетті оқу құралдарымен жабдықтауға ықпал етуге;
Оқушылардың қосымша білім алуына, ғылыми жобаларға, олимпиадалар мен байқауларға қатысуына қолдау көрсетуге;
Ауыл балаларына арналған тегін қосымша білім беру және кәсіптік бағдар беру курстарын ұйымдастыруға;
Робототехника, бағдарламалау, инженерия және IT бағытындағы үйірмелерді дамытуға
ЫҚПАЛ ЕТЕМІН!
Құрметті аудан тұрғындары!
Бұл жолда халықпен бірге болып, елдің мүддесі үшін еңбек етуге, өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне атсалысуға дайынмын. Өйткені жарқын болашақ өздігінен келмейді, оны бүгінгі бірлескен еңбегімізбен қалыптастырамыз!
Елдің ертеңі үшін бірге қадам басайық!

