«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖӘЛІМБЕТ КЕСЕНЕСІ — ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР

Орналасқан жері: Мұғалжар ауданы, Жаңажол ауылынан шығыс-солтүстікшығысқа қарай 10 км. Зерттелуі: Ескерткішті алғаш рет ХIХ ғасырдың басында И.А.Кастанье, ал 1940 жылдың аяғында Т.Басенов анықтаған. 1984 жылы паспорттау мақсатында ҚазССР-і тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы зерттеген (жетекшісі — С.И.Әжіғалиев). Қысқаша анықтамасы: Мавзолей қасбетті-күмбезді, төртбұрышты, күйдірілген, күйдірілмеген кірпіштен қаланған, іргетасы тұрмыстық тастан салынып, арасы балшықпен сыланған. Оңтүстік қасбетінде орналасқан бетше босағасында пилондар сақталған. Ғимараттың қаңқасы нақты бұрышты конструкцияны құрайды. Ғимараттың сыртқы жағында айқын ойықтардың арасында камералар орналасқан. Мавзолейдің жарына өріп қалаған жалпақ барабан күмбез болып жалғасып кеткен.
Жар құрылысында бұрыш ойықтарының арасында терең жебе тәрізді ойықтар бар. Камераның сырты тегістеліп ақталған, арканың төменгі бөлігінде өсімдік және геометриялық оюөрнектердің іздері сары және қара түсте сақталған. Сақталған биіктігі — 6,00 м, өлшемдері — 9,70х9,70 м. Аңыз-әңгіме: Ел аузында Жәлімбет батырдың тұлғасы туралы мынадай деректер бар: «Жәлімбет батырдың арқасында дүрдиген жалы болыпты. Жәлімбет жазғұтырым Құмжарған өзені қатты тасып, су бетінде үйдей-үйдей сеңдер жүріп жатқанына қарамастан өзенге жалаңаштанып беріп кетіп, сеңдерді қолымен итеріп, арғы бетке шығып, кері жүзіп шығады екен. Сонда Жәлімбет батырдың үстінен буы бұрқырап, жалына жабысып жатқан мұз еріп кететін көрінеді. Ол қайратты, өжет, айтқанынан қайтпайтын жаужүрек батыр болыпты» дейді ол деректердің бірі.

Ұқсас ақпараттар

МЕН ГАЗЕТ ОҚИМЫН!

admin_mugalzhar

ӨМІРШЕҢ ГАЗЕТ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының әкімі болып Ералы Тоғжанов сайланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.