«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

Ұлы тұлғаларды ұлықтау, ауданның мерейін асқақтату, қарапайым жұртшылыққа өркенді өңірдің өнегесін, қала мен ауылдың мәдени-рухани өмірінің жетістіктерін насихаттау мақсатында қалалық және ауылдық округтер арасында аудандық мәдениет күндері басталды.

Мәдениет күндерінің ашылуына арналған салтанатты жиында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Екі айға жоспарланып отырған бұл шара әр жұма сайын орталық саябақта өтетін болады. Әр округ өнерпаздары өнер көрсетумен қатар, жеткен жетістіктері туралы арнайы бұрыш және ауылшаруашылық өнімдерін, қолөнер бұйымдарын, кітап көрмелерін жасақтайтын болады. Мәдениет күндерінің алғашқы қатысушылары Ембі қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары болды.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Еліміздің түрлі бағыттардағы табыстарға жету мүмкіндігі адами капиталдың сапасына тікелей байланысты, сондықтан Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді.

admin_mugalzhar

Президент марапаты – адал еңбектің жемісі!

admin_mugalzhar

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

admin_mugalzhar