«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛ МҮДДЕСІ – БӘРІНЕН БИІК!

№14 Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АЛДАНИЯЗОВ САЛАМАТ ЖАЗЫҚБАЙҰЛЫ
«Әділет» партиясынан

ӨМІРБАЯН
Мен, Алданиязов Саламат, Мұғалжар ауданы Батбақкөл ауылдық округінде дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Жағабұлақ ауылында тұрамын.
2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Инженер-технолог» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2004 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай және газ өндіру операторы болып бастадым. Кейін осы мекемеде геолог-техник қызметін атқардым. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Үміт» ЖШС-нің директоры және «Айдар» шаруа қожалығының басшысы болып еңбек етіп келемін. Аудандық мәслихаттың VIII шақырылым депутаты.
Мұнай-газ саласы мен кәсіпкерлік бағытында мол тәжірибе жинақтадым. Еңбек жолымда жауапкершілігіммен, іскерлігіммен және бастамашылдығыммен ерекшеленіп келемін. Ұйымдастырушылық қабілетім жоғары, өндірістік және шаруашылық мәселелерді шешуде тәжірибем бар.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Бүгінде ауылдық елді мекендерде шешімін күткен мәселелер аз емес. Атап айтқанда, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту, жол, ауызсу, электр энергиясы, интернет сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу – тұрғындар үшін маңызды бағыттар.
Мен «Әділет» партиясының қолдауымен депутаттыққа кандидат ретінде заң үстемдігі, әділдік, жауапкершілік және өңірлерді дамыту қағидаттарын басшылыққа аламын. Партия бағдарламасындағы адал бәсекені қолдау, кәсіпкерлік бастамаларды қорғау, ауыл мен өңірлердің әлеуетін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағыттарын жергілікті мәселелермен байланыстыруды көздеймін.
Депутаттық қызметтің негізгі міндеттерінің бірі – тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, оларды тиісті деңгейде көтеру, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету. Сондықтан алдағы жұмысымда ауыл тұрғындарымен тұрақты байланыс орнатып, халықтың пікіріне назар аударуды маңызды санаймын.
Енді назарларыңызға өзімнің еңбек тәжірибеме, ауылдың қажеттіліктеріне және «Әділет» партиясының бағдарламалық бағыттарына негізделген сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

ӨНДІРІС ПЕН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Аудандағы өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуіне және жаңа өндірістік жобалардың іске асуына бағытталған бастамаларды қолдауға;
Мұнай-газ саласындағы жергілікті мамандарды жұмыспен қамту мәселесін көтеруге;
Жергілікті кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, адал бәсекелестікті дамытуға ықпал етуге;
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың ауыл тұрғындарына қолжетімді болуын назарда ұстауға;
Жаңа кәсіп ашуға ниетті азаматтарға ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілуіне ықпал етуге;
Жергілікті өндіріс пен қызмет көрсету саласында жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесін көтеруге;
Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, бизнеске кедергі келтіретін әкімшілік мәселелерді шешуге атсалысуға;
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Мал шаруашылығын дамытатын шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау тетіктерінің қолжетімді болуына ықпал етуге;
Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану және жайылым тапшылығы мәселесін шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;
Мал суаратын құдықтар мен су көздерінің жағдайын жақсарту мәселесін көтеруге;
Қысқы мал азығын дайындау, жем-шөп қорын қалыптастыру және оны сақтау мәселелерін назарда ұстауға;
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мен шаруашылықтардың өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға;
Ветеринариялық қызмет сапасын жақсарту және мал ауруларының алдын алу шараларын күшейтуге ықпал етуге;
Шаруа қожалықтарының өнім өндіру, өңдеу және өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетуге;
АУЫЛДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫС САПАСЫ
Ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту және жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу мәселесін көтеруге;
Ауызсу сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізуге;
Электр энергиясы, газ және интернет желілерінің сапасын жақсарту мәселесін назарда ұстауға;
Ауыл көшелерін жарықтандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге ықпал етуге;
Білім беру және мәдениет нысандарының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға атсалысуға;
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Мұнай-газ өндірісі мен ауыл шаруашылығы салаларында экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу бастамаларын қолдауға;
Өндірістік қалдықтарды дұрыс басқару және қоршаған ортаға келетін зиянды азайту мәселесін көтеруге;
Ауылдық аумақтарды көгалдандыру, ағаш отырғызу және жасыл желектерді сақтау жұмыстарын қолдауға;
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдарды тазарту және абаттандыру шараларын дамытуға
ЫҚПАЛ ЕТЕМІН!
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Депутаттық қызметті халықпен тұрақты байланыс орнатудың, елдің талап-тілегін жеткізудің және қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтерудің мүмкіндігі деп білемін. Алдағы уақытта да тұрғындардың пікіріне құлақ асып, көтерілген мәселелерді назарда ұстау, олардың заң аясында шешілуіне ықпал ету бағытында жұмыс жүргізу маңызды.
Еңбек бар жерде – береке бар, бірлік бар жерде – нәтиже бар.

Ұқсас ақпараттар

АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА

admin_mugalzhar

27 сәуірде елімізде телевизия мен радио трансляция уақытша өшіріледі

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады

admin_mugalzhar