«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ – ӨРКЕНДЕГЕН АУДАН ҮШІН!

№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат НАҒАШЫБАЙ АЙДАНА ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫ
Өзін-өзі ұсынушы

ӨМІРБАЯН
Нағашыбай Айдана Әбдіғалиқызы — 1994 жылы 24 қыркүйекте Шалқар ауданында дүниеге келген. 2013 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжін, 2017 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Ақпараттық жүйелер» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Ақтөбе облысы Благодар ауылдық округінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысу арқылы бастаған. 2017 жылы Ақтөбе қаласындағы басқарушы компанияда іс жүргізуші қызметін атқарған. 2018–2022 жылдары Шалқар ауданының Бершүгір жалпы орта білім беретін мектебінде педагог болып жұмыс істеді. 2022–2024 жылдары Жаңақоныс жалпы орта білім беретін мектебінде еңбек етті.
2024 жылдың шілде–қыркүйек айларында Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік бағдарламалар бөлімінде ақылы қоғамдық жұмысшы болды. 2024 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маман қызметін атқарды.
2025 жылдың 26 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы қызметін атқарып келеді.

Құрметті мұғалжарлықтар!
Ауданымыздың болашағы – бірлігіміз бен ортақ еңбегімізге байланысты. Әсіресе, жастарға қолдау көрсету, әлеуметтік мәселелерді шешу, отбасы құндылықтарын нығайту, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және кәсіпкерлікті дамыту – басты назарда болуы тиіс.
Жастар саласында жинақтаған тәжірибемді, білімім мен күш-жігерімді ауданның өркендеуіне арнағым келеді. Халықтың ұсыныс-пікірін тыңдап, өзекті мәселелерді көтеріп, олардың оң шешімін табуына атсалыссам деймін.
Сол себепті бағдарламама ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, жастардың әлеуетін арттыруға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды міндеттерді енгізгенді жөн көрдім.
Менің ұстанымым – әр тұрғынның үніне құлақ асу, әр мәселеге жауапкершілікпен қарау және ел игілігі жолында нақты істер атқару!

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
*Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсетуге;
*Аудан жастарымен тығыз байланыста болып, жастарды спортпен шұғылдануға тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыруға;
*Аз қамтылған отбасылардың, қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстауға;
*Мұқтаж жандарға көмек ұйымдастыруға;
*Аудан мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге қолдау көрсетуге;
*Уақыт талабына сай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында жұмыс жасап, жергілікті қауымдастық, Ардагерлер кеңесі, Отбасы және әйелдер ісі кеңесі, жастар ісі сияқты қоғамдық ұйымдардың жұмысын дамыта отырып, мемлекеттік басқарудан халықтық басқаруға қол жеткізуге;
*Аудан бюджетінің дұрыс жоспарлануына қатысып, тұрғындар тарапынан түскен түрлі мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, қаражаттың тиімді игерілуін үнемі бақылауда ұстауға;
*Жастардың ұлттық құндылықтарды терең түсініп, бағалай білуіне көңіл аударуға, сол талап үдесінен шығатын шаралардың сапалы атқарылуына тікелей ұйытқы болуға;
*Тіліміздің мәртебесін көтеріп, оның қолданысын кеңейтуге;
*«Ұлт денсаулығы – болашақ кепілі», сондықтан бұқаралық спорт жұмысын дамытуға;
*Кіші және орта бизнесті дамытуға, жастарды кәсіпкерлікке баулуға;
*Жастарға кәсіп бастау үшін жеңілдетілген несиеге қол жеткізуге көмектесуге;
*Мүгедектігі бар ерекше балалардың аналарына барынша көңіл бөліп, қолдау көрсетуге;
*Мүгедектігі бар, қамкөңіл жандардың қоғаммен араласуына мүмкіндік жасауға;
*Қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға психологиялық қолдау көрсетуге;
*Ерте жүктіліктің алдын алу үшін аудан мектептерін аралап, қыздар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
*Қала жастары уақытын тиімді өткізу үшін орталықтан жастарға арналған мәдени орындардың салынуына ықпал етуге;
*Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алып, әйелдерді қолдауға;
*Әйелдердің өзін-өзі дамытуына, кәсіп бастауына, жетістікке жетуіне жағдай жасауға;
*Аудан экономикасының тұрақты дамуына, өндіріс орындарының әлеуетін арттыруға және жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асуына ықпал етуге;
*Жергілікті өндіріс орындарын қолдап, отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
*Өңдеу өнеркәсібін дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін аудан аумағында қайта өңдейтін кәсіпорындар ашу мәселесін көтеруге;
*Жаңа инвестициялар тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін көтеруге;
*Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығын, егіншілікті және ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамытуға;
*Туризм саласын дамытып, ауданның табиғи және тарихи орындарының экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануға.
ЫҚПАЛ ЖАСАЙМЫН!

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздердің сайлау учаскесіне келіп, өз қыздарыңызды қолдайтындарыңызға сенімім мол. Маған мүмкіндік берсеңіздер, сайлауалды бағдарламамда жазылған барлық мәселелерді қолға алып, шешімін табуға сөз беремін!
Сенімге селкеу түсірмей, үміттеріңізді ақтаймын!

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАБАНДОЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

БОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖАҢА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: КӘСІПКЕРГЕ ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН?

admin_mugalzhar