«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

44 МАМАНҒА КӨТЕРМЕ ЖӘРДЕМАҚЫ АУДАРЫЛДЫ

АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ, БІЛІКТІ ЖАС МАМАНДАРДЫ АУЫЛҒА ТАРТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰРАҚТАП ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ. ОСЫ МАҚСАТТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН ЖАС МАМАНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП, БАСПАНАЛЫ БОЛУЫНА МҮМКІНДІК БЕРІП ОТЫР.
Бағдарлама аясында ауылға жұмысқа келген мамандарға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға 2000 АЕК көлемінде 15 жыл мерзімге, 1 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік кредит беріледі. Көтерме жәрдемақы алған мамандар ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл еңбек етуге міндетті. 2026 жылы бағдарлама аясында 44 маманға көтерме жәрдемақы аударылды. Оның ішінде білім беру саласының 35 маманы, денсаулық сақтау саласының 3 маманы және ветеринария саласының 6 маманы бар. Тұрғын үй сатып алуға биыл республикалық бюджеттен 25 млн 950 мың теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда үш маманға бюджеттік кредит беріліп, тағы жеті маман кезекте тұр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жас мамандардың ауылдық жерде еңбек етуіне, кәсіби тұрғыда қалыптасуына және баспаналы болуына мүмкіндік беріп отыр. Ауылдың өркендеуі білікті кадрлардың еңбегіне тікелей байланысты болғандықтан, оларды қолдау және ауылда тұрақтап жұмыс істеуіне жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда.
Гүлзат ҚАЛМҰРАТОВА, Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

admin_mugalzhar

ИСТОРИЯ ШКОЛЫ — ИСТОРИЯ СТРАНЫ

admin_mugalzhar

АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУГЕ АТСАЛЫСТЫ

admin_mugalzhar