Қазақстан Республикасында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты Мұғалжар ауданына қарасты Батпақкөл ауылдық округіндегі «Жаңажол» вахталық поселкесінде орналасқан мұнай мекемелерінің жұмысшылары өз таңдауларын жасады.

Сайлаудағы – әр дауыс маңызды «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қарасты басқармаларда вахталық ауысыммен еңбек ететін қызметкерлердің сайлауға қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Олар Саға, Жағабұлақ ауылдарында орналасқан сайлау учаскелеріне барып дауыс берді.
Ел дамуына әсер ететін саяси шараға қатысудың маңыздылығын терең түсінгендіктен мұнайшылар азаматтық ұстанымдарын білдіріп, сайлау учаскесі ашылған уақыттан бері белсенділік танытты.
Мұғалжар ауданы бойынша қалалық және ауылдық округтерде 43 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның 11-і — Қандыағаш қаласында, 6-уы — Ембі қаласында орналасқан. Ауданда барлығы 40594 сайлаушы тіркелген.

