«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елордада Үш арысқа ескерткіш орнатылып, Жазушылар үйі ашылды

Елордада Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіш орнатылды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, биыл Үш арыстың туғанына 125 жыл толып отыр.

«Ұлтымыздың тар жол тайғақ кешкен жылдарын романының атауымен астарлап жеткізіп, қазақ атауын құжат жүзінде қайтарған Сәкен Сейфуллин мұрасының біздің руханиятымызда алатын орны ерекше. Бүгінде қаламызда музейі жұмыс істейді. Енді міне ескерткіші ашылып отыр. Бейімбет Майлин өзінің жазушылығымен қатар, елді сауаттылыққа үндеп, алғашқы «Қазақ» газетіне, «Айқап» журналына және басқа да басылымдарға тұрақты мәселелерді жазған журналистігімен де көп еңбек сіңірді. Драматургтығы бір төбе. Әңгімелері әлі күнге дейін өзектілігін жоймай, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде пайдаланылып келеді. Ілияс Жансүгіров – қазақ фольклорын дамытқан тұлға. «Күйші«, «Құлагер« поэмалары – тұнған тарих. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаладағы келелі ойлардың негізінде дүниеге келген бұл туындыны көптің қуанышы деп білемін. Бұл ескерткіш өткенге құрмет қана емес, тарихымызға қойылған бірегей белгі, болашаққа деген кәміл сенім. Азат елдің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының төрінде тағдыры да бір, өмірі де ұқсас ұлтымыздың Ұлы перзенттеріне арналған ескерткіштің тұруы – заңдылық. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге болады деген үміттемін», — деді А.Көлгінов.

Бүгін сондай-ақ қалада Жазушылар үйі ашылды. Аталмыш шараларға Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын-жазушылар Марфуға Айтқожина, Әнес Сарай, Несіпбек Айтұлы, Жазушылар одағы қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы, сондай-ақ жас қаламгерлер қатысты.

Ұқсас ақпараттар

ПРОБАЦИЯ: 4 АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

admin_mugalzhar

Халық санағы кезінде адамға 91 сұрақ қойылады

admin_mugalzhar

Биыл 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.