«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

84 жастағы канадалық Антарктида мұз марафонын 12 сағаттың ішінде жүгіріп өтті

Канаданың Эдмонтон қаласының 84 жастағы тұрғыны Антарктидада марафондық қашықтықты жүгіріп өткен ең қарт адам атанды. Бұл туралы CTV жазды.

«Рой Джорген Свенингсен 11 сағат 41 минутта «Антарктида мұз марафоны» ақтық мәресін кесіп өткен ең қарт марафоншы атанды», — делінген материалда.

Ер адам ұзақтыққа жүгірумен 50 жыл бойы айналысып келеді. Оның мақсаты – әр құрлықта марафонға қатысу.
Қазіргі уақытта ол жүгіріп өтпеген тек екі құрлық қалды – Аустралия мен Оңтүстік Америка. Свенингсен антарктидалық марафонға бір жыл бойы дайындалған, алайда ол марафонның күрделігіне қайран қалған.

Сол күні қар жауып, ауа температурасы -9 градусқа дейін төмендеген. Оның айтуынша, алғашқы 20 шақырамда қатты шаршап, жүгіруді тоқтатпақ болған. Дегенмен, кейін өзін жігерлендіріп жүгіруді жалғастырған.

Бұл марафонда америкалық Уильям Гаферти жеңіске жетті. Ол 42 шақырым қашықтықты 3 сағат 34 минут 12 секундта бағындырды. Антарктидада жыл сайын екі марафон өтеді. Екінші – «Құрлықаралық антарктидалық марафон» ақпанға, Оңтүстік жарты шардағы ең жылы айға жоспарланған.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

«Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары»: Францияда отандық көрменің ашылуы өтті

admin_mugalzhar

Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекет басшылары Ақордаға келді

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов Президент тапсырмалары шеңберінде Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

admin_mugalzhar