«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жастар жылы мәресіне жетті

Мұғалжарлық жастар Елбасы Н. Назарбаев өткен жылы  жариялаған биылғы жастар жылын қорытындылады. Осыған орай, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қандыағаш қаласындағы «Алтын орман» мейрамханасында «Жас келсе іске» атты тақырыппен мерекелік іс-шара өтті. Оған арнайы Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шериязданов, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлнар Кабиева, Nur Otan партиясы Мұғалжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Көмекбай Бектұрғанов қатысты.

Жалынды жастарға жігер берген жылдың қорытынды шарасында сөз алған аудан басшысының айтуынша, биыл жастарға қыруар қолдау болды. Мемлекеттің болашақ иелеріне жасаған мүмкіндіктері мол. Мәселен, жыл басынан бері 725 жас аудандағы 50-ден астам кәсіпорынға тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Екі мыңға жуық жас жастар тәжірибесінен өтті. «Жасыл ел» бағдарламасының аясында 201 жас жаз айларында қала мен ауылдың гүлденуіне, абаттандырылуына жұмылдырылып, еңбекке тартылды. Кәсіпорындарды ынталандыру мақсатындағы мемлекеттің «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы бойынша аудандағы кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға 348 жас жұмысқа тұрғызылды. Оларға төленетін жалақының 40 пайызын жұмыс беруші, яғни, кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары төлесе, 60 пайызын үкімет өз міндетіне алды. Бұл жұмыс берушілерге өте тиімді көрінеді. Ал жастар сол жұмыс орындарында жүріп тәжірибе жинап, өз-өздерін көрсетіп, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алуда. Мемлекеттің сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуға әсіресе, бұл бағытта жастарды кәсіпкерлікке баулуға бағдарламасы баршылық. Ол «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы жүйелі жолға қойылған. Мәселен, қысқа мерзімді оқыту курстары, «Бизнес бастау» жобасы, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы жастардың кәсіп ашуларына  жағдай жасалуда. Оларға тіпті, бастапқы қолдау ретінде мемлекеттік гранттар да қарастырылған.

Үстіміздегі жылы аудан орталығы Қандыағаш қаласында 120 пәтер пайдалануға беріледі. Баспана кезегінде тұрып келіп, жаңа жылдың алдында қоныс тойын тойлайтындардың 35 пайызы жастар болмақ. 

-2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған кезде, Елбасының меңзегені біздің еліміздің болашағы жастар дейтін болсақ, оларға білім алуға, мамандық игеруге, отбасы құрып және әрмен қарай еліміздің қалыптасқан азаматы ретінде елдің дамуына үлес қосуы үшін мемлекет барлық жағдай жасау дегенді міндет қылып қойған. Ауданда 67 мың халық болса, соның үштен бір бөлігін жастар құрайды. Осы жастарға мемлекет мейлінше қолдау білдіруде. Алайда, Үкіметке үнемі арқа сүюге болмайды. Жастар бойындағы күш жігерін, ой санасын жақсылыққа тәрбиелеп, болашаққа ұмтылуға бейімделу керек, — деді аудан басшысы.

Мемлекеттік жастар саясатының аудан көлемінде жүзеге асыру бағытында аудан жастарымен жемісті жұмыс жүргізе білген аудандық жастар ресурстық орталығы жақында Ақтөбе өңірі бойынша ең үздік орталық ретінде танылды.  Ал орталықтың осындай мәртебелі мадаққа ие болуына үлес қосқан ауданда жастар баршылық. Аталған шарада солардың бірқатары марапатталды. Аудан жастарының белсенділігі мен оларға жасалып жатырған қомқорлықтың жайын баяндаған облыстық жастар ресурстық орталықтың басшысы Гүлнар Кабиева мен Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Көмекбай Бектұрғанов та жастарға жігер беретін лебіздерін білдірді.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

ГАЗЕТТІ ДОС ҚЫЛҒАН ОҚЫРМАН

admin_mugalzhar

БІЗ ДАЙЫНБЫЗ!

admin_mugalzhar

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 109,7 мың адам қатысты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.