«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Билік Қордайдағы жанжалдан соң 25 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев 10 ақпанда Сортөбе ауылында өткен брифингте Қордай ауданында болған жанжалға байланысты 25 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сапарбаевтың сөзінше, кылмыстық істер жаппай төбелес, жаппай төбелеске шақыру, адам өлтіру, бұзақылық, билік өкіліне күш қолдану, жекенің мүлкін қирату, заңсыз қару жасау фактілері бойынша қозғалған.

«Президент [Қасым-Жомарт Тоқаевтың] тапсырамасымен бас прокуратурада ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Сол топ тергеумен айналысады. Қазіргі басты мақсат – ұйымдастырушыларды, төбелесті бастағандарды, арандатушыларды және кінәлілерді табу» деді ол.

7 ақпан кешкісін Жамбыл облысы Қордай ауданында этникалық жанжал болып, 10 адам қаза тапты, 40-тан астам адам жарақаттанған. Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылында үйлер мен дүкендер өртенген. Бұл ауылдардың тұрғындарының басым бөлігі — дүнгендер. Этникалық қазақтардың этникалық дүнгендермен жанжалдасуына не себеп болғаны нақты белгісіз. Бірақ ауыл тұрғындарының сөзінше, жанжал жолға таластан шыққан.

Ресми Бішкек Қазақстанның Қордай ауданында болған қазақтар мен дүнгендер арасындағы жанжалдан соң Қырғызстанға 4500 адам өткенін хабарлаған. Кейін Қазақстан үкіметі олардың басым бөлігі елге оралғанын мәлімдеді.

Билік оқиғаны тексеру үшін үкіметтік комиссия құрды. Бұдан бөлек, елде демократиялық партия ашқысы келетін белсенділер жеке тәуелсіз комиссия құрғандарын, оқиғаның жай-жапсарын тексеру үшін Қордайға баратындарын айтты.

9 ақпан күнгі ресми дерек бойынша, Қазақстан ауруханасында жанжалдан зардап шеккен 39 адам жатыр. Олардың сегізі реанимация бөлімінде. Қырғызстан ауруханасына 13 адам түскен, олардың бесеуі санавиация көмегімен 9 ақпанда Алматыдағы ауруханаларға жеткізілді.

Қазір Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланған.

Президент Тоқаев облыс әкімі Асқар Мырзахметовке облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды. Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай ауданы полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбековті қызметінен алуды бұйырды.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ ТҮЛЕКТЕРІ ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

admin_mugalzhar

Қазақстан колледждерінде 50 мамандық бойынша оқыту тоқтатылды

admin_mugalzhar

Банктің қызметін үйде отырып, қалай пайдалануға болады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.