«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемқызметте басшы лауазымдағы әйелдердің үлесі 40 пайызды құрайды

Мемлекеттік қызметте басшы лауазымдағы әйелдердің үлесі 40 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілов айтты.

Оның айтуынша, елімізде мемлекеттік қызметте басқарушы лауазымдарда 9,5 мыңнан астам әйел еңбек етеді. Бұл басшылардың жалпы санының 40 пайызын құрайды.

«Бұл ретте министрлердің орынбасарларының – 14,3, өңір әкімдері орынбасарларының – 7,1, орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарлары мен департамент директорларының – 29,2, орталық мемлекеттік органдардың аумақтың бөлімшелері басшыларының 12,8, облыстық басқарма басшыларының — 15,3, қала және аудан әкімдері орынбасарларының 15,1 пайызы әйелдер», — деді Думан Әбілов.

Спикердің айтуынша, агенттік конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізіп отыр. Бұл мемлекеттік қызметке орналасуға тең мүмкіндік жасаудың маңызды шарты саналады. Мемлекеттік органдарда әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.

Сонымен қатар кандидаттар да жазу құрылғыларын пайдалана алады. Кандидаттардан конкурстық комиссияның шешіміне шағым түскен жағдайда заңнаманың сақталуы тұрғысынан тексеру тағайындалады. 2019 жылы жүргізілген конкурстарға 52 144 адам қатысқан. Бұл ретте мемлекеттік қызметке үміткерлердің 24 028-ін әйелдер құрады. Конкурс нәтижесінде тағайындалған әйелдердің үлесі 46,2 пайыз болды.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Облыс әкімінің білім гранттарының иегерлері анықталды

admin_mugalzhar

ЕМБІ ШАҺАРЫНДА КҮЙ САЙЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ЕМБІ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.