Аудан əкімі А.Шериязданов Ақкемер ауылына іс-сапармен барып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстарды жергілікті əкімдермен жəне тиісті органдармен талқылады, деп хабарлайды «Мұғалжар» тілшісі.⠀
⠀
Биылғы жылы Ақкемер ауылының екі орталық Əйтеке би жəне Есет батыр көшелері асфальттанады. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар бойынша тиісті конкурстар өткізіліп, мердігері анықталды. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелерімен ауылдық округ əкімі мердігермен бірлесіп жүргізілетін жұмыстың сапалы орындалуын қадағалайды.⠀
⠀
Сонымен қатар қазіргі таңда Ақкемерден Елек ауылына газ тарту жобасы дайындалуда. Сондықтан ауылдық округ əкімі жобалық-сметалық құжаттарды дайындап жатқан мамандармен кездесіп осы жобаны тездетіп аяқтау тапсырылды. ⠀
⠀
Ақкемер мен Елек ауылдарының ортасындағы 400 участок ИЖС-ке беріледі. Бас жоспар бойынша салынатын үйлердің сапасы ол жақа тартылатын ИКИ (свет, газ, су) мəселелері пысықталды.⠀
Ақкемер орта мектебіне барып, IT мамандарымен ақылдасып, Ақкемер орта мектебі ресурстық мектеп болып есептеледі. ⠀
⠀
Мектептегі интернеттің жылдамдығы 12, 16 мегабит болса, қасында орналасқан шағын мектептердегі интернеттердің жылдамдығы өте төмен. Осыған орай интернеттің сапасын, жылдамдығын көтеру мəселесі талқыланды.⠀
⠀
Ақкемер ауылында орналасқан ауыл шаруашылық кəсіпорны — бидай сақтайтын элеватор «Ақбұлақ» ЖШС-іне барып, басшылығымен жүргізіліп жатқан жұмыстары талқыланды. Кəсіпорында жұмыс жасап жатқан 35 адам жергілікті тұрғындар. Кəсіпорынның лабораториясымен танысып, болашақта əлеуметтік жауапкершілік аясында бірлесіп жұмыс жасау мəселесі талқыланды.⠀