«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ералы Тоғжанов отбасылық мерекелер мен тойларда қонақ санын мейлінше шектеуді ұсынды

Ералы Тоғжанов отбасылық мерекелер мен тойларда қонақ санын мейлінше шектеуді ұсынды, деп хабарлайды «Мұғалжар» тілшісі Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатынан.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды отбасылық мерекелер мен тойларға қатысты жақсылап ойланып, тойға шақырылатын қонақтардың санын максимальді шектеуге, тіпті тойдың, отбасылық мерекелердің датасын кейінге шегеруге кеңес берді.

«Бұл өздеріңіздің, халықтың денсаулығына қауіп төндіретінін жақсылап ойланыңыздар. Әр шаңырақтағы отбасылық ереке маңызды. Шақырған соң барлығы да барып, тілек-лебізін білдіргісі келеді. Біздің азаматтар әлі де жағдайды дұрыс түсінбей отыр. Әлі де шетелге шығуға тырысады. Келген соң карантинде бірнеше күн жататынын біле тұра сөйтеді. Үкімет, ел үлкен тойларды өткізуге қарсы емес. Наурыз секілді тойлар елді біріктіретін үлкен іс-шаралар. Бірақ халықаралық жағдайды ескере отырып, осындай шараға барып отырмыз. Сондықтан халықтан қатты ойлануды сұраймыз», — деді Е.Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде «12 наурыздағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Ұқсас ақпараттар

Биыл көмір бағасы қанша болады

admin_mugalzhar

Денсаулық сақтау министрлігі қайта карантин енгізу туралы ақпаратты түсіндірді

admin_mugalzhar

Қазақстанда қоғамдық кеңестердің бірыңғай порталы іске қосылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.