«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒАШИЛІДЕ ӘЙТЕКЕ БИ КӨШЕСІНЕ ЖОЛ САЛЫНУДА

ЕҢБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ САҒАШИЛІ АУЫЛЫНДАҒЫ ӘЙТЕКЕ БИ КӨШЕСІНДЕГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ.

Ұзындығы 1270 метр болатын бұл көшеге бұрын-соңды асфальт төселмеген. Құрылыс құны 121 млн теңге құрайтын жол салу жұмыстарын «Бірлік НС» ЖШС-і жүргізуде. Аталған серіктестік директорының орынбасары Өмірбек Өтепов бүгінде жол салынатын жердің беткі қабаты қырылып, қиыршық тастары төселіп, нығыздау жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

Қазіргі уақытта жұмыс тоқтап тұр. Себебі тапсырыс берушілерден қаржы бөлінбей, кешіктірілуде. Егер қаржы уақытында бөлінсе, тамыз айының аяғына дейін жұмысты толық аяқтаймыз. Құрылыс басында 20-ға жуық адам жұмыс жасайды. Оның үшеуі жергілікті жердің тұрғындары. Техникаларымыз жеткілікті, — деді «Бірлік НС» ЖШС-і директорының орынбасары Өмірбек Өтепов.

Ұқсас ақпараттар

«COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес» — Тоқаев

admin_mugalzhar

Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары

admin_mugalzhar

Астанада мамандар әскери қызметшілердің психологиялық жай-күйі мәселелерін талқылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.