«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбенің іргесіндегі блокбекет кезекшілеріне түскі ас ұйымдастырылды

«Қазақстан Қызыл Айы» Ақтөбе облыстық филиалының, Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті, «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Leader-Q» ЖҚБ өкілдері облыс аумағында карантин жариялануына байланысты «Ақтөбе-Атырау» және «Самара-Шымкент» тасжолында орнатылған блокбекеттердің кезекші қызметкерлері үшін түскі ас ұйымдастырды.

Аталған ұйымдардың өкілдері кезекшіліктегі құқық қорғау органдарының, мединицина мамандары мен дезинфекция қызметкерлеріне, сондай-ақ, кезектерін күтіп тұрған транзиттік көлік жүргізушілеріне тамақ таратты. Әр блокпоста жалпы саны 25 адам бір ауысымда жұмыс жасайды.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты — блокбекеттен кезекшілеріне қала және облыс тұрғындарының қауіпсіздігі үшін атқарып жатқан еңбектеріне алғыс білдіру, сонымен қатар, «Волонтерлар жылы» аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған #BIZBIRGEMIZ республикалық акциясын қолдауға барлық еріктілерді шақыру және елімізде болып жатқан Covid-19 эпидемиясына байланысты тұрғындарды ауызбіршілікке шақыру.

Ақтөбе облысының аумағында көшпелі көлік құралдарын тәулік бойы бақылау үшін облыс орталығына кіріп-шығу жолдарында орналасқан 7 санитарлық блокбекет орнатылды. Шара ұйымдастырушылары блокбекеттерді үш күнге бөліп, олардың барлығын аралауды жоспарлап отыр.

Атамыш іс-шараның ұйымдастырушылары Ақтөбе облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Марат Қойлыбаевқа түскі ас дайындауға азық-түлікпен қамтамасыз еткені үшін алғыс білдіреді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандағы бірқатар өңірде ТЖ режимі алып тасталады

admin_mugalzhar

Биыл Ақтөбе облысында 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

admin_mugalzhar

«АСАР ҮМЕ» ҚОРЫ ҚАНДЫАҒАШТЫҚ БІР ОТБАСЫН ҚУАНТТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.