«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында балық қырылған су қоймасынан сынама алынды

Ақтөбе облысындағы Жекесай өзенінде балықтың қырылуына қатысты су қоймасынан және өлі балықтан сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылғы 19 сəуірде Министрліктің Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитеті инспекциясы жұмыскерлері Жекесай су қоймасын тексеру үшін Темір ауданына барған.
Тексеру барысында су қоймасының Темір ауданындағы Темір қаласынан 12 шақырым, облыс орталығынан 160 шақырымда орналасқаны анықталды. Ол балық шаруашылығы су қоймаларының тізіміне кірмейді. Жекесай су қоймасы тоғандық жылғаға жатады. Үйілген топырақ түріндегі бөгеті бар. Қазіргі уақытта судың ұзындығы 120 метр, ені 30 метр, орташа тереңдігі 1 метр, жылға түрінде көрініс тапқан.

«Судың түсі жасыл, бөгде иіс білінбейді. Жағалау бойынан бірнеше жерде салмағы 20 грамм шамасында 300 дана өлі мөңке балық табылды. Балықтар иістеніп, кеуіп кеткен. Жергілікті тұрғындардан сұрастырған кезде, өлі балықтардың шамамен 28-29 наурызда мұз еріген уақытта табылғаны белгілі болды. Су қоймасының ластануына жол бермеу үшін 400 келі өлі балық жергілікті тұрғындардың күшімен жинастырылып, мал қорымында жойылды», делінген хабарламада.

Су қоймасына 5 шақырым қашықтықта өндірістік жəне ауыл шаруашылығы нысаны жоқ.

«Судан жəне өлі балықтан зерттеу үшін сынама алынды. Болжам бойынша, балықтардың қырылуына ауаның жетіспеуі себеп болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ОРЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЖАСТАР «ДЕМ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.