«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛМАЙДЫ

СЕБЕБІ БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ БАСТАУ АЛМАҚ. МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙТЫН 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СОЛ КҮНІ МЕКТЕПІШІЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, АЛ БАСҚА СЫНЫПТАРДА «МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.

Айта кету керек, аудан бойынша барлығы 37 мектеп жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 12 986 оқушы білім алуда. Оның ішін-де 1-4 сыныптарда 5 194 оқу-шы, 5-9 сыныптарда 6 272 оқушы, ал 10-11 сыныптарда 1 520 оқушы бар. Биылғы жылы аудан бойынша 1 239 бала 1-сыныпқа қабылданды, олардың 1 128-і қазақ сыныбына, ал 111-і орыс сыныбына барады.
Әлеуметтік қолдау бағытында арнайы санаттағы 742 балаға бір реттік қаржылай көмек көрсету жоспарланған.
Бүгінгі күнге дейін 726 балаға көмек берілді. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында 478 оқушы мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтылып, 5 938,1 мың теңге қаражат жұмсалды. Сондай-ақ жаңа оқу жылында 5 450 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету көзделуде. Оның ішінде 5 074-і бастауыш сынып оқушылары, — дейді Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Назгүл Мажитова.
Оның айтуынша, биыл бір оқушыға күнделікті ыстық тамақ құны 646 теңге болып белгіленген.
Мұғалжар ауданы бойынша жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары толық көлемде жүргізіліп, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді білім бөлімінің маманы.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

РЕФЕРЕНДУМ — ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС!

admin_mugalzhar

Жаңбыр және аптап. Демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.