«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Украинадағы қазақстандықтарға арналған арнайы рейс жоспарланып отыр – Елшілік

25 және 26 ақпанда Air Astana әуе компаниясы Қазақстан азаматтарына арналған арнайы рейс жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елшіліктің деректеріне сүйенсек, рейс Катовица қаласы арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін Қазақстан азаматтарына Украина-Польша шекарасында визасыз «жасыл дәліз» ұйымдастырылады.

Елшілікте қазақстандықтардан 25 ақпанда Львовқа келуін сұрады.

Қазақстан елшілігінің мекенжайы: Замкнена көшесі, 3/1, +38 (032) 210-36-70, +38 (067) 989-28-19.

Қосымша ақпарат үшін Air Astana өкілдеріне хабарласа аласыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Ұқсас ақпараттар

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл ⠀

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің автопаркі 13 жаңа автокөлікпен толықты

admin_mugalzhar

Министр Жұбанов университетінде дәріс оқыды

admin_mugalzhar