«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан туын көлігіне жауып алған жүргізуші жазаланды

Атырауда Туды көлігіне жауып, жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері темір жол вокзалы жанындағы сауда үйінің алдында Қазақстан Республикасының Туын көлігінің капотына жауып алған жүргізушіні ұстаған.

«18 мамыр кешкі сағат 20:30 шамасында «Mitsubishi L300» және «Mercedes Benz» көліктерінің жүргізушілері вокзал алдында жол ережесін бұзып, бірнеше рет айналу маневрін жасаған. Жол жабындысын ластап, сигнал бермеген. Жол қауіпсіздігін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 595-бабының 1-бөлімімен, 630-баптың 1-бөлімімен хаттамалар толтырылды» -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бұған қоса «Mercedes Benz» көлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 458-бабының 1-бөлімімен (ҚР Мемлекеттік Туын пайдалану және тәртібін бұзғаны үшін) 138 900 теңге айыппұл салынған.

Ұқсас ақпараттар

Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА 14 ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

admin_mugalzhar

Экология министрі Қазақстанның ауасы ең лас 10 қаласын атады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.