«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде полицейлер жолда қалған Өзбекстан азаматтарына көмектесті

Карантин кезінде жолда қалған өзбекстандықтарға полиция көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін «Самара-Шымкент» тас жолының Қобда ауылының маңында Өзбекстан азаматтары мінген 2 автобус бұзылды. 549 жолаушысы бар 11 автобус Батыс Қазақстан арқылы Ресейден Өзбекстанға бет алған. Ақтөбе облысы аумағында қиындыққа тап болып, көмек сұрады. Ақтөбелік полиция қызметкерлері шетел азаматтарына жәрдем берді. Бұзылған автобустарды жөндеуге қол ұшын созып, жолаушылар үшін су және тамақ берді. Қиын жағдайға тап болған Өзбекстан азаматтары мен автобус жүргізушісі полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ұқсас ақпараттар

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе-Қандыағаш тас жолының екі жолағы ашылды

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚ ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.