«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

15 мамыр — «Халықаралық Отбасы күніне» орай Мұғалжар ауданы ПБ бастығы полиция полковнигі Бауыржан Атабаев пен Мұғалжар ауданы ПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚЖ инспекторы полиция капитаны Гүлдана Кұрманаева полиция бөлімінің зейнеткері Ертіс Данғұловтың отбасына барып, арнайы құттықтады. Аталған отбасында полицейлер династиясы қалыптасқан. Ертіс Данғұловтың қызы Гүлдария Данғұлова әке жолын қуып, қазіргі таңда Мұғалжар ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет етеді, шені майор. Ұлы Ертілес Мұхамбет қазіргі таңда Мұғалжар ауданы ПБ КПБ аға жедел уәкілі болып қызмет жасайды, шені аға лейтенант. Осындай ұл-қыз тәрбиелеп, Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын және бостандықтарын шектеуге жол бермей, қызмет бабында туындаған қиындыққа шыдамдылықпен, қайсарлықпен, адалдықпен, батылдықпен және қырағылық танытып, келеңсіз жағдайлардың орын алуына жол бермей қызмет етіп келе жатқан отбасыға аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Атабаев өз жылы лебізін білдіріп, сый-сияпаттар ұсынды.

Ұқсас ақпараттар

«Ақтөбе» премьер-лигаға қайта оралды

admin_mugalzhar

Үшемдердің ата-анасына бесікарба сыйлады

admin_mugalzhar

АППАРАТТЫҚ ЖИЫНДА БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.