«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАЗТЕРМОГРУПП» МЕКЕМЕСІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Ақтөбе облысының үздік тауар өндірушілері анықталды. Ақтөбеде дәстүрлі «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының өңірлік кезеңі қорытындыланды. Іс-шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

Биыл Ақтөбе облысының үздік тауар өндірушілері атағына 29 компания өтінім берген. Олардың арасында терможабынды (минвата) өндіретін Қандыағаш қаласында орналасқан «Қазтермогрупп» ЖШС-де бар.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында «Қазтермогрупп» ЖШС — минерал жүн өнімдерін өндіру бойынша лауреат атанды. «Қазтермогрупп» ЖШС-і Ақтөбе облысының индустрияландыру картасына енген кәсіпорын.

Облыстан жеңімпаз атанған мекеме жыл соңында елордада өтетін «Қазақстанның үздік тауары» байқауының республикалық турына қатысады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді — Тоқаев

admin_mugalzhar

Астанада «Қазақ даласы – Жеңістің алтын бесігі» атты мерекелік концерт өтті

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында соңғы үш жылда мыңдаған отбасы тауарлық газды жеңілдікпен пайдаланып келеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.