«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Темір аудандық ауруханасында өрт шығып, отыздан астам адам эвакуацияланды

9 маусым күні сағат 23:02-де Ақтөбе облысының Темір ауданындағы орталық аудандық аурухананың екіқабатты ғимаратында 530 шаршы метр аумаққа тараған өрт шықты, деп хабарлайды «Мұғалжар» тілшісі төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

ТЖД қызметкерлерінің күшімен 32 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өрт 10 маусым күні сағат 00:41-де толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оны сөндіруге ТЖД күш-құралдары мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері (22 адам, 5 техника) жұмылдырылған.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда темекі айтарлықтай қымбаттады

admin_mugalzhar