«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда мектеп бағдарламасына «Абайтану» оқулығы енгізіледі

Қазақстандағы мектептердің бағдарламасына жаңа оқулық енгізіледі. Енді оқушылар «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын оқиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы жақында ашылған Abai tv телеарнасының «Сарасөз» бағдарламасына сұхбат берген мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлім етті.

«Қазіргі уақытта ол әзірленіп жатыр. Мұнан өзге, Абайдың ғылыми-зертеу орталығы ашылмақ», — деді Қырымбек Көшербаев.

Бұған дейін ҚР үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланды және мерекелер күнтізбесіне енгізілгені хабарланды. Алайда, бұл күн қазақстандықтар үшін демалыс күні болып саналмайды.

Ұқсас ақпараттар

Мүшел жас – маңызды жас

admin_mugalzhar

Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді – Артур Ластаев

admin_mugalzhar

Сенат зейнетақы ақшасын алу тәртібіне өзгеріс енгізді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.