«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанға келген гуманитарлық көмек «СК-Фармация» қоймасына жіберілмейді

Қазақстанға келген гуманитарлық көмек «СК-Фармация» қоймасына жіберілмейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Есқалиев Ерхат Серікұлы мәлім етті.

«Алдын-ала ақпараттандыру моделі енгізілді — гуманитарлық жүктерге қатысты барлық құжаттар ұшақ қонғанға дейін қабылданады. Жүктің ұшуы кезінде барлық қажетті рұқсаттар, тарату тапсырыстары ресімделеді және келіп түскен көмек бірден таратылады. Жауапты тұлғалар әуежайларда, кедендерде және жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ, Антикор қоғам қайраткерлерімен бірлесіп жүктердің таралуын тікелей бақылауына алды», — дейді Ерхат Есқалиев.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова әуежайдан бірден дәрі-дәрмектер қажетті жеріне жеткізіліп, қоймаға апарылмайтынын айтты.

«Қажетті құжаттардың тізімі сол қалпында қалған. Тек шарттары жеңілдетілді. Бір күннің ішінде «СК-Фармация» гуманитарлық көмекті таратады. Тіпті өз қоймаларына апармастан, әуежайдан тұтынушыға дейін жеткізіп жатыр», — дейді ол. 

Ұқсас ақпараттар

Мұнай-газ саласы экономика өсімінің басты драйвері

admin_mugalzhar

Қазақстанда 22 градусқа дейін аяз күтілуде

admin_mugalzhar

DARA BALA ДАНА БАЛА ҚЫЛА МА?..

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.