«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда халық санағы 2021 жылға шегерілді

Қазақстанда биыл өтуі керек болған халық санағы 2021 жылдың қазанына шегерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Еліміздегі жағдайға байланысты коронавирус инфекциясының таралып кетпеуі үшін және енгізілген шектеу шараларына сәйкес, халық санағы 2021 жылдың қазан айына шегерілді», — делінген ресми хабарламада. 

Министрліктің мәліметінше, халық санағы жүргізілгенде қолданылатын әдістер өзгеріссіз қалыпты. Яғни sanaq.gov.kz сайтында 1-15 қазан аралығында интернет-сауалнама ұйымдастырылса, мұынмен қатар 1-30 қазанда халық арасында арнайы мамандар жауапты планшетке тіркеу арқылы жаппай сауалнама жүргізеді. 

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық санағын келесі жылға қалдыруды ұсынған еді. 

Ұқсас ақпараттар

Қ.ЖҰБАНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

Вторая четверть пройдет дистанционно

admin_mugalzhar

Мұғалжар баурайындағы сұлулықпен тыныстаған туындылар

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.