«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді

Ел тұрғындары 42 500 теңге әлеуметтік төлемді электронды әмиянға ала алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көрсетілген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік көмек төлеудің бекітілген ережесінде «электронды ақша жүйесінің операторы» ұғымы жазылған. Бұл санатқа тек банктер ғана емес, сонымен қатар ақпаратты жинауды, өңдеуді және жеткізуді қоса алғанда, электронды ақша жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін төлем ұйымдары да кіреді. Осылайша, карантинге байланысты табысынан айырылған қазақстандықтар өздерінің электронды әмиянына 42 500 теңге көлемінде көмек алады. Электронды ақша жүйесінің операторлары қаражат түсетін электронды әмиянның расымен де карантинге байланысты табысын жоғалтқан азаматқа тиесілі екенін анықтауға міндетті. «Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электронды ақша жүйесінің операторына өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), әмиянның сәйкестендіру кодын, ұялы телефон нөмірін (бар болса), сондай-ақ электрондық ақша жүйесі операторының атауын қамтитын деректерді жібереді», — делінген бұйрық мәтінінде.

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚКЕМЕРДЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Еліміздің халықаралық резерві 100 млрд доллардан асқан

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.