«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАНУАРЛАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕН 100 АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНГЕН

Осы жылы ауданда жануарлардың тістеуінен, тырнауынан және сілекейленуінен зардап шеккен 100 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 78-і иттерден, 19-ы мысықтардан, 2-еуі жылқыдан және 1 жағдайда басқа жануардан зардап шеккен. Бұл туралы ауданның санитариялық мамандары айтты.

Бір қуанарлығы, осы жылы аудан бойынша құтыру дерегі тіркелмеген. Мамандар құтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы екенін жеткізді.

Аудан аумағындағы емдеу мекемелеріне жүгінген 100 адамға антирабиялық егу тағайындалды. Оның ішінде 40 адам екпенің толық курсын өтті. Ал 60 адам толық емес курсын, 29 адам антирабиялық иммуноглобулин алды. Адамдар мен малдардың арасында тарайтын бұл ауру орталық жүйке жүйесін зақымдап, жұқпалы індетке айналады. Табиғатта аурудың қоздырғыштары — қасқыр, түлкі, қарсақ секілді жыртқыш аңдарда сақталады. Қолға үйретілген жануарлар ит пен мысық та бұл ауруға жиі шалдығады және құтырма ауруымен адамдардың және басқа да үй жануарларының ауыруына себеп болады. Құтырма — өлімге әкеліп соғатын, аса қауіпті ауру, — деді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.

Ауданның бас санитариялық дәрігері құтыру ауруынан сақтанудың жолын айтып, қаңғыбас, бұралқы иттер мен мысықтарды аулап, жойып, үй жануарларын құтырма ауруына қарсы профилактикалық егуден уақытылы өткізіп отыру қажеттігін ескертті.

Үйде ұстайтын иттер мен мысықтарды жыл сайын құтырма ауруына қарсы еккізіп отыру керек, серуендету жөніндегі ережені сақтау керек. Иелігіне жаңадан сатып алған итті тіркеуден өткізіп, ектіруге міндетті. Кешкі уақытта итті тек жабық аулаға жіберу керек. Жалпы ортақ аулаға немесе серуендету үшін көшеге итті тек қысқа қарғы баумен және мұрындықпен шығару керек. Сонымен бірге дәрігер тағайындаған антирабикалық екпені схемаға сай алу — маңызды. Екпе қабылдап жүргенде қатты ыстықтан, салқыннан қорғану қажет және алкогольді ішімдіктер ішуге болмайды. Адамдарды тістеп алған ит, мысық және тағы басқа жануарларды емдейтін (ветеринарлық) мекемеге жеткізіліп, 10 күн бойы бақылауда болуы шарт, — деді ол.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

АСТАНАЛЫҚТАРҒА МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРДАН — АРНАЙЫ ДӘМ

admin_mugalzhar

БҰҰ Бас хатшысы: Қайтыс болған миллион адамның тағдыры бізді ойландыруы керек

admin_mugalzhar

27 инвестор —«Жасыл дәліз» жобасының қатысушысы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.