«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды

Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды, — деп хабарлайды РИА Новости

«Пандемия жалғасып жатыр, күн сайын жұқтырғандар көбеюде. Бізде бірінші толқындағыдай екінші рет жаппай жұқтырғандардың саны артты. Анкара, Ыстамбұл, Измир, Бурсада әлі күнге дейін қауіп жоғары», — деді елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.

Оның айтуынша, елдің шығыс провинцияларында да — Газиантеп, Шанлыурф, Мардин, Эрзурумда жұқтырғандар көбейіп жатыр.

Министрліктің соңғы деректері бойынша, Түркияда сәрсенбі күні 1 596 жағдай тіркелген. Бұл — 15 маусымнан бастап тәулік ішіндегі ең көп өсім. Жалпы жұқтырғандар саны 273 301-ге жетті. Соңғы тәулікте 45 адам қайтыс болды, ал пандемия басталғалы бері 6462 науқас көз жұмды.

Ұқсас ақпараттар

«АҢСАҒАН СӘБИ»: АУДАНДА ТӨРТ ЖЫЛДА 32 БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

admin_mugalzhar

АУДАНДА 51 КӨШЕ САЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

Саусақ іздерін тіркеу 2023 жылға ауыстырылды: Тоқаев заңға қол қойды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.