Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде карантин енгізілуі мүмкін уақытты айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда тек қана екі аптаға ғана болжам жасалатынын жеткізді Қожахметов. Оның сөзінше Қазақстанның үкіметі жағымсыз болжамдарға сүйеніп отыр.
«Бұл жағымсыз, шынайы, позитив болжамдарға негізделіп жасалады. Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігі мен үкімет жағымсыз болжамға сүйеніп отыр. Ол ұзақ, қысқа мерзімге сүйеніп жасалатындықтан оның кемшілігі өте жоғары болуы мүмкін. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі қысқа мерзімге негізделген, яғни 10-15 күнге негізделген болжамға сүйенеді», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Карантиннің болуы немесе болмауы адамдардың сақтық ережелерін ұстануымен тікелей байланысты болмақ. Қожахметов, қатаң карантинді болдаырмау үшін не істеу керек екенін айтты.
«Тамызда карантин талабы жеңілдеді. Сондықтан көптеген кәсіпкер жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Карантин талабының күшеюі немесе жеңілдеуі қоғамдағы адамдардың әрекетіне байланысты. Біз еліміздегі санитар дәрігерлердің талабын мүлтіксіз орындауымыз керек. Біріншіден, маска тағып, арақашықты сақтауымыз керек. Екіншіден, адам көп шоғырланған жерде жиналмауымыз керек. Яғни карантин талабанының күшеюі немесе жеңілдеуі біздің қалай әрекет еткенімізге байланысты», — деп түйіндеді сөзін ресми өкіл.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қайта карантин енгізілуі жайлы премьер-министрдің орынбасары айтқан болатын.
Ал Алматыда демалыс күндері қайтадан карантин енгізіледі.