Дүниежүзілік банктің білім беру мәселелері жөніндегі жетекші маманы Айша Вауда карантин жағдайында Қазақстанның қашықтан білім беруге көшкеніне оң баға берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Халықаралық деңгейде министрліктің жұмысына оң баға беруге болады. Ол халықаралық серіктестермен, жергілікті әріптестермен бірлесіп, жұмыс істеп жатыр. Мен министрлікке және оның басшылығына алғысымды білдіргім келеді», — дейді Айша Вау.
Сонымен қатар, ол коронавирус пандемиясы жағдайында әлем елдері қиындықпен бетпе-бет келгенін атап өтті. Дүниежүзілік даму банкінің болжамына сәйкес, соңғы 4 айда ЖІӨ-нің төмендеуі салдарынан әлем елдері 10 триллион доллар табыстан қағылған. Тіпті, қашықтан білім берудің өзі бюджеттен қосымша шығындарды талап етеді.
«Зерттеулер әлемде осыдан бір ғасыр бұрын болған пандемия білімге, балалардың әл-ауқатына және олардың денсаулығына әсер еткенін көрсетті. Онлайн оқыту білім алудың ең жақсы әдісі емес екенін, оны дәстүрді біліммен салыстыруға келмейтінін түсіну керек. Әлемдегі барлық мемлекет оны түсініп отыр. Бұл мәжбүрлі шара», — дейді сарапшы.