«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда мұқтаж жандар үшін жалдамалы пәтердің 80%-ы төленуі мүмкін

Онлайн-брифинг барысында үкімет жалдамалы үйде тұратын мұқтаж қазақстандықтар үшін пәтер ақысын қалай субсидиялайтынын айтты. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында адамдарға көмек көрсету туралы айтқан еді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үкімет 2020 жылдың соңына дейін жалдау ақысын субсидиялаудың нақты механизмін әзірлеуге уәде берді. «Бізде 530 мың адам кезекте тұр (тұрғын үй кезегінде — авторлық ескерту). Тұрғын үйді жалдау құнының бір бөлігін субсидиялау ұсынылуда. Бүгінде мемлекеттік органдармен көлемі мен сандарды қарастырудамыз. Бұл шамамен 70-80%», — дейді Инвестициялар және даму министрлігі басшысы Бейбіт Атамқұлов. Мұндай қолдау критерийлері әлі бекітілген жоқ, алдын-ала болжам бойынша, олар келесідей болуы мүмкін: «Қолдаудың атаулы бағытын Отбасы банк анықтайды, ол Қазақстандағы кезекте тұрған адамдардың бірыңғай тізілімін жүргізеді. Біз мына параметрлерді анықтаймыз: ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін табыстың болуы. Бүгінде бұл 32 668 теңгені құрайды. Сондай-ақ, жалға алу мерзімі — 5 жылға дейін болуы. Мұқтаж жанның мәртебесін растау арқылы мерзімді ұзартуға болады. Пәтердің орташа ауданы — 60 шаршы метр», — деді министр.

Ол нақты параметрлер 2020 жылдың соңына дейін қабылданып, оны үкімет бекітетіндігін айта кетті. Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасады. Жолдауы барысында мемлекет басшысы 700 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтқан еді.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛДІҢ ТІРЛІГІН ЖАЗСАМ ДЕП…

admin_mugalzhar

Облысқа 19 реанимобиль автокөлігі әкелінді

admin_mugalzhar

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.