«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫН АРАЛАДЫ

Қазақстан фермерлері Ассоциациясының төрағасы Жигули Дайрабаев, облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сарсембай, аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Ержанов және аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының м.а. Марзия Гатаулина жұмыс сапарымен Талдысай ауылдық округіндегі асыл тұқымды ірі қара және жылқы, қой шаруашылығымен айналысатын «Арман-М» шаруа қожалығына келіп, шаруа қожалықтың жағдайымен танысты. Қожалықтағы 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңының жұмысын көріп, басшысы Қазыбек Әлішевтің ауылшаруашылық саласында атқарып отырған істеріне сәттілік тіледі. Айта кету керек, мал өсірумен бірге егіншілікпен де айналысатын Қ.Әлішев биыл әр гектарынан 15-17 центнер астық алған. Кәсібін дөңгелеткен талдысайлық кәсіпкер бұл кездесуде алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Ұқсас ақпараттар

И ПАМЯТЬ БУДЕТ ЖИТЬ, ПОКА МЫ ОБ ЭТОМ ПОМНИМ, ПОКА МЫ ОБ ЭТОМ ГОВОРИМ…

admin_mugalzhar

ЖЕМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда кедейлер саны өскен

admin_mugalzhar