«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Жем қаласының тұрғындарымен кездесті. Жем қалалық мәдениет үйінде өткен кездесуде аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өткен жылы атқарылған жұмыстарға және биыл атқарылатын істерге қысқаша тоқталып өтті.

Кездесуде аудан басшысы үстіміздегі жылы Жем қалалық №3 аула клубына күрделі жөндеу жұмыстары басталатындығын, Әйтеке би, Бейбітшілік, Гагарин көшелерінің жолдарына асфальт төселетіндігін, «Beeline» байланыс мұнарасы қондырылатындығын, көпфункционалды спорт алаңы орнатылатындығын, ескі үйлердің қирандыларын жою бойынша жұмыстар жүргізілетіндігін, 8 көпқабатты тұрғын-үй пәтерлері заңдастырылатындығын және қалада әскери нысандар салу жұмыстары жоспарланып отырғандығын айтты.

Кездесу соңында Жем қаласы тұрғындары пәтер ішінде бірнеше ит пен мысық ұстайтын тұрғындарға шара қолдану, пәтерлерді заңдастыру, Жем өзені бойындағы бөгетті (платина) қалпына келтіріп, бау-бақшаға егуге жағдай жасау, Жем-Ембі бағытында қатынайтын қоғамдық көліктердің бағасын 300 теңгеден 250-270 теңгеге түсіру сынды мәселелер көтерілді. Аудан әкімі тұрғындардың толғандырған сауалдары бойынша арнайы жоспар құрылып, нәтижелі жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.

Сонымен қатар аудан әкімі Асқар Шериязданов, аудан прокуроры Сәнібек Тілеулесов, Ембі қалалық полиция бөлімінің бастығы Бақыт Ізімов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар Жем-жылу мекемесіне жаңа техника алып беру, қаланы абаттандыру, тазалығын күшейтіп сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру жалақы мәселесін шешу сынды өтініштерін білдірді. Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері жан-жақты қаралып, жауаптары берілді.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ТАРАТЫЛЫП, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарға деген алғысымды бір сөзбен жеткізу мүмкін емес

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ КӨП БАЛАЛЫ ҰСТАЗ — АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.