«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әлем таныған ҰЛЫ АҚЫН

Биыл қазақтың маңдайына біткен дара ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланған болатын. Мерейтой аясында республика көлемінде жағдайға Ұлы ақынға ақын қарамастан арналған , композитор мәдени , онлайн , философ шаралар түрде жалғасын , мен саясаткер рухани тауып , кештер аудармашы келеді қалыптасқан. , жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор, ағартушы Абайды зерттеп, тануға қанша ғалым, әдебиеттанушылар жұмылса да, Абайдың зерттелмеген қырымен сыры жетерлік. Бүгінгі нөмірде теңіз түбіндей тұңғұйық, аспан көгіндей шексіз дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ, оған қатысты қызықты деректер топтамасын ұсынамыз.

АБАЙДЫҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ

Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос пен Жігітек тарайды. Әрқайсысы бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ пен Топай туған. Олардың ішінде Ырғызбай оза шауып, ел басқару ісіне араласқан. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар мен Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болған деседі. Осы Өскенбайдың әйелі Зереден Абайдың әкесі Құнанбай туады. Құнанбайдың төрт әйелі болған. Бәйбішесі — Күңке, одан бір ұл — Құдайберді. Ал Ұлжан — Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық. Інісі қайтыс болғаннан кейін Құнанбай келінін әмеңгерлікпен алған. Ұлжаннан Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ пен Оспан, үшінші әйелі — Айғыздан Халиолла мен Ысмағұл деген балалары туады. Абайдың «Атадан алтау, анадан төртеу» дейтіні содан. Құнанбайдың қартайған шағында үйленген төртінші әйелі — Нұрғанымнан бала болмаған.

АБАЙДЫҢ БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҒЫ

Болашақ ақын ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз-ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өсті. Абай алдымен әкесінің өз туыстарының балаларын оқытамын деп, «Ескітам» деген қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты. Одан кейін ауылдағы Ғабитхан молдадан білім алды. Ал 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыды. Сол жердеарабпенпарсытілдерінмеңгеріп шыққан. Абай дін оқуымен ғана шектелмей, білімін өз бетінше жетілдіруге тырысады. Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Хафиз, Физули сияқты ұлы ғұламаларының шығармаларыментанысады. Орысша сауат ашады. «Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бірақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлымоңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденугесалынады», — деп жазды Мұхтар Әуезов.

АБАЙДЫҢ ЕЛ ІСІНЕ АРАЛАСУЫ

Құнанбай баласының зеректігін бірден байқап, оған жан-жақты білім беруге тырысады. Ал 13 жасында оны оқудан алып кетіп, ел басқару жұмысына салған. Оған қоса, әкесі ел тартысында жалғыздық сезе бастайды. Басында «барып кел, шауып келмен» жүргенжас Абай аз уақыттың ішінде жуан би, ел тартысының атқа мінері болып шыға келеді. 1885 жылы Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде 100- ден астам би-болыстың қатысуымен төтенше съезд өткізілді. Сонда төбе би болып сайланған Абайға «Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылады. Абай бастаған комиссиябарлығы 93-баптантұратын ережені 3 күнде әзірлеп шығады. Бірақ оның беделін өсірген Қарамола съезінен кейін қарсыластары көбейіп кетеді. Абайдың кезінде Құнанбаймен алысқан туысқаннан 17 адам Сібірге де айдалады. Бір тартыстың бастықтары олардан жеңіледі. Бірақ сол жеңістің өзі де атадан балаға кететін үзілмес жаулыққа ұласады. Осылайша, Абай әкесі бастаған істі аяқтаймын деп, өзіне талас-тартыстың біраз бәлесін тілеп алады. Оған неше түрлі жала жабылады. Мысалы, 28 жасында бір қыстың ішінде 12 түрлі қылмыс бойынша тексерілген кезі де болды. Бірақ Абай ондай тартысқа әбден ысылып келген. Шешендік өнері де көп көмегін тигізді.

АБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Абай алғашқы өлеңін 10 жасында жазған. Ал ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда». Абай өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар көп. «Сегіз аяқ», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Желсіз түнде жарық ай», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» сияқты өлеңдерінің әрбіреуі тың дүние, шығармашылық жаңалық. Александр Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасынан «Татьянаның хатын» және «Ленскийдің сөзін», Михаил Лермонтовтың «Ой», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Қанжар», «Теректің сыйы» және тағы басқа өлеңдерін казақ тілінде сөйлетті.

АБАЙДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған. Ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысты. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Ол өзінің пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысын, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

АБАЙДЫ КІМДЕР ЗЕРТТЕДІ

Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары көп емес. Ақынның өз қолжазбалары сақталмады. Шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткен. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» — деп Абайды аса жоғары бағалады. 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның 140-тай өлеңі, сондай-ақ, «Ескендір» мен «Масғұт» поэмалары енді. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Кәкітай Ысқақұлы бірінші болып ақынның өмірбаянын жазды. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да табылды. Бірақ Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров Құдайберген Жұбанов, Сұлтанбек Қожанов сынды қоғам қайраткерлері Абайдың ақындық мұрасын шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына қарамастан, Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі»,- деп жазды Мұқанов. Ал Мұхтар Әуезов Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүниежүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды. Әсіресе, Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы осы салаға қосқан елеулі үлесі болып саналады.

АБАЙДЫ ШЕТЕЛДЕ ТАНЫТҚАНДАР

Қытайда Абайдың шығармаларын танытуға Ха Хуан Жан (Хабай) көп еңбек етті. Ол Шыңжан өлкесінің Шәуешек қаласына жақын Қазақтар ауылында туған. Қытай тіліндегі мектептерде оқыса да, қазақ тілін жетік меңгерген. Абайды бала күнінен жаттап өскен екен.1950 жылы Абайдың «Ескендір» поэмасын, ал 1958 жылы «Масғұт» поэмасын ханзу тіліне аударып, Пекинде арнайы кітап етіп бастырып шығарған. Жалпы, Хабай Абайдың 167 өлеңін, 3 поэмасын, 45 ғақлия сөзін түгел аударған. «Абай және Абай шығармалары» деген үш кітабын да Пекинде бастырған. Абайдың өлеңдері басқа тілдерге аударылды. Мәселен, грузин тілінде — Ш.Мчедлишвили, қарақалпақ тілінде — Ш.Сеитова, қырғыз тілінде — А.Токомбаева, татар тілінде — М.Максуд және Н.Арсланов, француз тілінде — Ғалымжан Мұқанов, ағылшын тілінде — А.Самохмалов, түрікмен тілінде — А.Хайидова, Т.Қасымова, П.Искакова және М.Хамраева Абайды ұйғыр тілінде сөйлеткен.

АБАЙ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Абай Құнанбайұлы: ШЫН ЕСІМІ — ИБРАҺИМ. ӘЖЕСІ ЗЕРЕ «АБАЙ» ДЕП ЕРКЕЛЕТКЕННЕН КЕЙІН «АБАЙ» АТАНЫП КЕТКЕН; КӨПТЕГЕН ӨЛЕҢІНЕ ӨЗІ ӘН ЖАЗҒАН. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ КЕҢІНЕН ТАРАҒАНЫ — «КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ»; АЛҒАШҚЫ ӨЛЕҢДЕРІН КӨКБАЙДЫҢ АТЫНАН ЖАРИЯЛАП ЖҮРГЕН; 13 ЖАСЫНДА ЕЛ БАСҚАРУ ЖҰМЫСЫНА АРАЛАСҚАН; 1860 ЖЫЛЫ ДІЛДӘМЕН ОТАУ ҚҰРҒАН. ОЛ КЕЗДЕ АБАЙ 15 ЖАСТА БОЛДЫ; 16 ЖАСЫНДА ӘКЕ БОЛДЫ; 21 ЖАСЫНДА БОЛЫС БОЛЫП САЙЛАНДЫ;

Дайындаған Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

АУРУХАНАДА 26 НАУҚАС ЕМ ҚАБЫЛДАУДА

admin_mugalzhar

ТАЗАЛЫҚ СІЗ БЕН БІЗ ДЕН БАСТАЛАДЫ…

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕШЕНДІ ӨЗГЕРУІНЕ БАҒЫТТАЛЫП ОТЫР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.