«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Аудан әкімдігінде Мұғалімдер күніне орай, білім саласының үздіктері марапатталды.
Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин ұлағатты ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап, мұғалім мамандығының қай кезде де аса қажетті де маңызды екендігін жеткізді. Сонымен қатар, білімді, рухани жағынан бай ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі зор екенін, əсіресе, қазіргідей жаңартылған білім мазмұны, озық технологиялар енгізіліп жатқан мезгілде оларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
Қандыағаш қалалық аймағы бойынша 9 ұстаз аудан әкімінің Алғыс хатымен жəне естелік сыйлықтарымен марапатталды.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ».

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫН ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Бас прокуратура «судьялар мен прокурорлардың» видеосына қатысты пікір білдірді

admin_mugalzhar