«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда оқушылар екінші тоқсанда мектептерде оқитын болды ма? Цой жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балалардың мектепке қашан барып оқитыны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазіргі таңда біз бұл мәселені қарастырып отырмыз. Дегенмен оқушылар мектепке келгенде коронавирусты жұқтырып жатады. Онлайн балалар оқытуда бүгінде қауіпсіз болып отыр. Алдағы уақытта екінші тоқсанда мектеп оқушылары қалай білім алатынын айтатын боламыз», — деді Цой. 

Бұған қоса министрдің орынбасары Ажар Ғиният коронавирус тіркелген мектептерді толығымен қашықтан оқытуға көшіру қарастырылып жатқан-жатпағаны жайлы сөз қозғады. 

«Бұл мәселе бірінші тоқса аяқталып, балалар каникулдан сабақ оқуға қайта шыққанан кейін қарастырылады. Міндетті түрде мемлекеттегі эпиджағдай ескеріледі», — деді вице-министр.  

Ұқсас ақпараттар

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Көгілдір отын — тұрғындар қуанышы

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов саяси партиялар филиалдарының басшыларымен түйткілді мәселелерді талқылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.