«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Екінші тоқсанда қанша қазақстандық оқушы мектепке барып, сабақ оқиды

Екінші тоқсанда Қазақстанда дәстүрлі түрде оқитын оқушылардың саны артады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Екінші тоқсандағы оқыту форматтары бойынша балалардың болжамды саны:

қашықтық форматта — 2,2 миллион;
дәстүрлі форматта — 1,2 миллион, оның ішінде:
— кезекші сыныптарда 800 мыңнан астам (1-5 сыныптар);

— шағын жинақты 4 010 мектепте – 434 мың оқушы;

— 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сыныптар) бар», — делінген білім министрлігінің хабарламасында.

Бүгінгі таңда 3,4 миллион оқушының 2,4 миллионы қашықтықтан, 953 мыңы дәстүрлі форматта оқиды, оның ішінде 647 мыңы кезекші сыныптарда (1-4 сыныптар), 306 мыңы шағын жинақталған 3 047 мектепте оқиды.

Бұған дейін екінші тоқсаннан бастап қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру тапсырылғаны хабарланды. Мұндай шешім ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысында қабылданды.

Ұқсас ақпараттар

ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

АРДАГЕР ҰСТАЗ «МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ДОРОГА НЕ ПРОЩАЕТ ОШИБОК!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.