«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ — ӘЛЕУМЕТКЕ ҚАМҚОР

Жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға күтім жасап, жұмыссыз жүрген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіп, еңбекке қабілетсіз жандардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын анықтап, әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қамқоршылық танытып жүретін әлеуметтік сала қызметкерлері — кәсіби мерекесін қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтті. Біздің бүгінгі мақаламыз әлеуметтік сала қызметкерлерінің көзге көріне бермейтін, қиындыққа толы еңбегі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы туралы болмақ.

9 АЙДА 757 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметтің 12 түрі бойынша көмек көрсетеді. Осы жылдың 9 айында халыққа 757 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Жаңа жұмыс орындарын ашу бағыты бойынша ауданның жеке кәсіпкерлерінде, шаруа қожалықтарында, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде 1108 жаңа жұмыс орындары ашылып, 2435 жұмыссыз ретінде тіркелген азамат жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 674 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

— Біздің бөлім қызметкерлері халыққа консультативтік кеңес беріп, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіп, еңбекке қабілетсіз азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын анықтап, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекші құралдар беріп, әрекетке қабілетсіз деп танылғандарға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындап, мұқтаж азаматтарды медициналық әлеуметтік мекемелерге орналастырып, олардың құжаттарын рәсімдеп, медицина және полиция саласымен бірігіп жұмыс жасайды. Осы жылы аудан бойынша 7454 азаматқа әлеуметтік көмектер төленіп, 1614 мүмкіндігі шектеулі жанға 469 көмекші құралдар берілді. Қандыағаш қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі жартылай стационар жұмысын тұрақты түрде жүргізуде. Өткен жылы келген арнайы «Инватакси қызметі қазіргі таңда сұраныс бойынша 41 мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетеді, — деді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Камшат Құрманалина.

МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МІНДЕТ

Еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі әлеуметтік сала болып табылады. Сондай-ақ, қоғамда болып жатқан мәселелердің де көбісі әлеуметтік мәселелер төңірегінде болып жатады. Әлеуметтік қызметкерлер белгілі бір көмекке мұқтаж адамдарға демеу болатын адам ғана емес, сонымен қатар қоғамның әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосатын жан. — Бүгінгі таңда 225 қараусыз қалған қарттарға, 31 мүмкіндігі шектеулі ересек азаматтар және он алты жасқа толмаған 48 мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетіп келеміз. Әрине, жұмыстың жеңілі болмайды. Алайда, тағдыр теперішіне ұшырап, қиындық көрген адамдармен жұмыс жасау өте қиын. Олардың жан-дүниесімен, ойларымен санаса отырып, көңілін табу, жағдайын жасау қиын кезде қолдау көрсету — біздің қызметкерлердің басты міндеті, — деді Камшат Бақытжанқызы. Бүгінде тағдыр тауқыметін тартып, түрлі жағдайларға тап болған немесе мүмкіндігі шектеулі жандарды көп көргенімізбен, көмек көрсетуге құлық таныта қоймайтынымыз анық. Алайда, біз тілге тиек етіп отырған әлеуметтік саланың қызметкерлері осындай жандармен бірге біте қайнасып, олардың тыныстіршілігімен етене араласады. Олардың күнделікті тұрмыстіршілігіне қолғабыс жасайды. Әлеуметтік сала қызметкерлері жалғызбасты қарттардың көңілін аулап, барынша қолдау көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға үйге барып, қызмет көрсететін Айнагүл Меңдібаеваның осы салада жұмыс жасап жүргеніне 13 жыл болған. Ол туа біткен сал ауруына шалдыққан 1 жастан 18 жасқа дейінгі жүре ал майтын балаларға көмектесетінін айтады.

— Сал ауруына шалдыққан балалардың үйіне барып, олардың оқуына көмектесеміз. Далаға шығарып, серуендетіп, аналары жоқ кезде тамақтарын беріп, жаялықтарын ауыстырып, үйден оқитын балалардың үй тапсырмасына көмектесіп, бекітілген жоспарымызға сәйкес мүмкіндігінше көмек көрсетеміз, — деді ол. Осы сала қызметкерлерінің жұмысына риза екенін айтқан, зейнеткер Вера Нефёдова өзіне үй шаруасына көмектесіп, дәрідәрмектерін әкеліп беретін әлеуметтік қызметкерлерге рақметін жеткізді.

— Әлеуметтік қызметкер Ақсалқын Сапарғалиева аптасына екі мәрте үйіме келіп, үй шаруасына көмектесіп, дүкеннен азық-түлігімді тасып, зейнетақымды, дәрі-дәрмегімді уақытында жеткізіп береді. Қасымда отырып, әңгіме-дүкен құрып, көңілімді аулайды. Біз секілді балалары алыста тұратын қариялар үшін мемлекеттің жасап жатқан жақсылығы мен көмегіне дән ризамын, — дейді зейнеткер Вера Нефёдова.

Мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткер есебінде тіркеуде 2016 жылдан бастап тұрмын. Маған әлеуметтік қызметкер Нағметова Бекзат Дәулетқызы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Әлеуметтік қызметкердің еңбегіне алғысым шексіз. Сондай-ақ бөлім меңгерушілері Райма Мұхадемқызына және Дильбар Мұхтарқызына біздерге осындай қамқорлық көрсетіп отырғандарына көп рақмет айта отырып, осы «Мұғалжар» газеті арқылы кәсіби мерекелері — Әлеуметтік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Ізгі ниетпен, Гүлшат Сағымбаева, зей неткер.

Әлеуметтік қызметкер Айнагүл Меңдібаевға алғысымды айтып, мерекесімен құттықтаймын. Ол балам Әділетке күтім жасау үшін тұрақты түрде уақытылы келіп тұрады. Балама қажетті жаттығуларды жасатып, өздігінен жүруге дағдыландырып, ертегі айтып, сергіту ойындарын ойнатып, тақпақ жаттатады. Еңбегіне жеміс, зор денсаулық тілеймін. Тілек білдіруші білдіруші білдіруші білдіруші: Әділеттің анасы Эльмира Түленғалиева.

Әлеуметтік қызметкерлер мейірімге толы жандар деп білеміз. Біздің ұлымыз Әлішердің әлеуметтік қызметкері Тажикенова Гүлшат та осындай жанның бірі. Баламызға деген қамқорлығы ерекше Гүлшат Алпысбайқызын кешегі өткен мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің ерекше балаларға деген мейіріміңіз бен еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз! Тілек білдіруші білдіруші білдіруші білдіруші: Құдабаевтар отбасы.

Поздравляю с профессиональным праздником, с днем социального работника Аксалкын Сапаргалиеву. Желаю ей крепкого здоровья, мирного неба, благополучия в семье, удачи и терпения и всего самого доброго. С поздравлением, Л. Гореликова.

Хочу выразить искреннюю и сердечную благодарность соцработнику Айнур Таяуовой за чуткое, заботливое и уважительное отношение к пожилым людям. От всей души поздравляю всех работников с Днем социального работника! От всего сердца желаю Вам всего самого светлого, хорошего и доброго. Терпения и здоровья в Вашей нелегкой работе. Хочу поблагодарить Вас за вашу нужную нам, старикам, и важную для нас помощь. Она продлевает нам жизнь. С уважением, Бойжеткен Ахметова.

Нұрғаным ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Машинист көмекшісі әріптесіне өмір сыйлады

admin_mugalzhar

ПОЛИЦЕЙСКИЕ ПОЗДРАВИЛИ ВЕТЕРАНА ТЫЛА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.