«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мақсат — «Кедергісіз қала» бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин абаттандару жұмыстары мен жолдардың жөнделу қарқынын бақылау мақсатында Ақтөбе қаласындағы бірқатар нысандарды аралады.

Облыс басшысы Қаратаев көшесі бойына жаңадан салынған балалар ойын алаңы мен футбол алаңының, спортпен айналысуға арналған турник алаңдарының сапасын қарады.

Жалпы нысандарды салуға 11 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұдан соң Әбубәкір Кердері, Жеңіс даңғылын жаяу аралаған облыс әкімі екі қабатты тұрғын үйлердің көнерген шатырларын алдағы жылы ауыстыру мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты. Қала әкіміне Жеңіс даңғылы бойына орналастырылғын темір қоршауларды алу жөнінде тапсырма берді.

«Келешекте металл қоршауларды түгел алып , «Кедергісіз қала» бағдарламасын жүйелі іске асыру қажет. Себебі, заман талабына сай қала іші кең әрі жаяу жүргіншілерге қолайлы болуы керек. Керсінше, көгалды желектердің санын арттыру қолға алынсын»,-деді Оңдасын Оразалин.

Өңір басшысы Махамбетов, Қаратаев, Гришин, Береговая, Жиенбаев көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарымен танысып, Парковая, Мир, Қаратаев, Махамбет көшелерінің жөндеуін қараша айында аяқтауға мерзім белгіледі.

Оңдасын Оразалин «Сельмаш» ауданы Арынов көшесіндегі көпірдің құрылысын бақылады. Аяқталған жобаға полиция қызметкерлері тарапынан бірқатар талаптар қойылған. Облыс әкімі жол ережелері белгілеріне байланысты кемшіліктерді қалыпқа келтіріп, көпірді тез арада пайалануға беруді тапсырды. Көлемі 696 метр болатын көпірдің жөндеуіне 2,7 миллиард теңге қаралған болатын.

Облыс басшысы бұдан соң «Шағала» облыстық балалар сүйек-өкпе туберкулезі санаториясында болды. Пандемияның екінші толқыны орын ала қалған жағдайда дайындық шараларының барысын қарады. Мекеме материалдық-техникалық базалармен толық жабдықталған. 150 орын әзірленіп, 11 дана жасанды ауа беру аппараты мен 44 дана кислородты концентрация жеткізілген. Одан өзге АҚШ, Ресей, Қытай, Украина, Португалия мемлекеттерінен келген гуманитарлық көмектер қоймада жеткілікті мөлшерде сақтаулы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

Жамбыл облысындағы жарылыстан төрт әскери қызметкер қаза тапты

admin_mugalzhar

Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады

admin_mugalzhar

ОСЫ АПТАДА КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛМАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.