«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Трамп әкімшілігі Джо Байденге билікті беру процесін бастады

АҚШ-та сайлауда жеңіске жеткен Джо Байденге билікті беру процесі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамп өз әкімшілігіне осындай нұсқау берген. Бұған дейін осы іске жауапты Әкімшіліктің ортақ мәселелері жөніндегі басқарма бастығы сайлау қорытындысы толық шықпағанын айтып, одан бас тартып келген еді. Бұл ретте Дональд Трамп штабы кей штаттарда сайлау бюллетеньдерін санауға қатысты сотқа шағымдарын жалғастыруда. Ал жергілікті заңға сәйкес әр штат желтоқсанның 12-сіне дейін президенттік сайлау нәтижесін бекітуі тиіс. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі қаңтардың 20-сы күні өтеді.

Ұқсас ақпараттар

Мир ожидает подорожание индийского чая

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІК ДИАС САЙЛАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

admin_mugalzhar

Паралимпиада ойындарына тағы бір ақтөбелік таеквондошы жолдама жеңіп алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.