Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебінде өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және жетекшілеріне арналған «Өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарының үлгісі» тақырыбында оқушылар арасында семинар өтті. Аталған шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол мен аудан мектептерінің президенттері қатысты.
Оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыруға, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеуге, дербес таңдау жасауға, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы болуға тәрбиелеуге бағытталған шарада оқушылар өздерінің жұмыстарын жан-жақты көрсетті.
ТEDx форматында 2021- 2022 оқу жылы өзін-өзі басқару ұйымының президенті А.Қонаева және ұланбасы Қ.Жарылқағанова, 2022-2023 оқу жылы өзінөзі басқару ұйымының президенті П.Жұмасейтова оқушының ең маңызды жұмыстары жөнінде сөз сөйледі. Оқушылар бірбірімен пікір алмасып, идеяларымен бөлісті. Шара соңында Ақкемер мектебі директорының міндеттерін атқарушы А.Буркуталина және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Шабиковаға семинарда іс-тәжірибесін көрсетіп, шеберлік танытқаны үшін Алғыс хат табысталды.
Венера ХАМЗИНА, ақпарат және баспа фракциясының жетекшісі.