«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Барселонадағы «Камп Ноу» стадионына Мессидің есімі берілуі мүмкін

«Барселона» футбол клубының президенттігіне үміткер Эмили Руссо «Камп Ноу» стадионының атауын өзгертетінін мәлімдеді, деп хабарлайды vesti.kz.

Оның ойынша, аренаға аргентиналық футболшы Лионель Мессидің есімі берілуі керек. Руссо каталондық клуб басшысы болған жағдайда референдум жинап, стадион атын «Камп Ноу Лео Месси» деп өзгертетінін атап өтті. Аргентиналық футболшы 2000 жылдан бері «Барселона» жүйесінде. Каталониялықтармен бірге ол он рет Испания чемпионы атанып, төрт рет Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР: АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

Қытайда короновирустан қайтыс болғандар саны 900 адамнан асты

admin_mugalzhar