«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР: АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен кездесуі Мұғалжар ауылында жалғасты. Кездесуге ауылдағы өндіріс кәсіпорындарының жұмысшылары мен жалпы ауыл тұрғындары қатысты.
Ауыл тұрғындарымен кездесуде аудан басшысы Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің елді мекендерді газдандыруға арнаған жоспарына сәйкес биыл да ауданның ауылдарына газдандыру жұмыстары жалғасатынын айтып өтті. Осы жылы 380 үйі, 1730 тұрғыны бар Мұғалжар ауылына 40 шақырым болатын Ембі қаласынан көгілдір отын тартылатындығын,
ауылға мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге арналған 100 орындық ауылдық клуб ғимараты құрылысы басталатындығын, ауылдың электр желісінің жағдайын жақсартып, жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттар жасақталып, қаражат бөлінгеннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.
Кездесу соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарының толғандырған сауалдарына жауап беріп, жеке мәселелерімен келген тұрғындарға қабылдау жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жастарға 1 млн теңгеден беріледі

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында 50-ден астам полицей қан тапсырды

admin_mugalzhar

Қазақстанда 12 облыс аумағында киіктерді қорғау акциясы басталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.